Соңғы жаңарту: 2026 жылғы 3 қараша
Бұл саясат Астана әуесқой хоккей лигасының (АӘХЛ) alhl.kz сайты мен «АӘХЛ» мобильді қосымшасы қандай деректерді жинайтынын, оларды не үшін пайдаланатынын және қалай жоюға болатынын түсіндіреді. Байланыс: info@alhl.kz.
1. Қандай деректерді жинаймыз
- Аккаунт: логин, email, құпиясөз (тек шифрланған хеш түрінде сақталады), аты-жөні, туған күні, лигадағы рөлі (ойыншы, жаттықтырушы, төреші, персонал) және командасы.
- Профиль: фото және профильде өзіңіз көрсететін параметрлер (мысалы, ойын нөмірі, қағу жағы, бойы, салмағы).
- Турнир деректері: өтінімдер, матч хаттамалары, статистика, дисквалификациялар.
- Моменттер: ойыншылар жариялайтын фото мен видео, лайктар мен қараулар.
- Хабарламалар: құрылғының push-токені және таңдалған командалар мен хабарлама баптаулары.
- Техникалық деректер: аккаунтқа кіру үшін сессия cookie-файлдары; жаңалықтардың қаралымын санау үшін құрылғының анонимді идентификаторы (хеш түрінде сақталады).
2. Телефонда ғана қалатын деректер
«Жылдам кіру» қосылса, логин мен құпиясөз телефонның қорғалған қоймасында (Android Keystore / iOS Keychain) сақталады. Саусақ ізі мен Face ID телефонның жүйесімен тексеріледі — биометриялық деректер бізге берілмейді. Қосымша фото мен видеоны галереяға тек сіздің әрекетіңізбен сақтайды.
3. Деректерді не үшін пайдаланамыз
- турнирді өткізу: өтінімдер, күнтізбе, хаттамалар, кесте және статистика;
- жеке кабинет пен кіруді қамтамасыз ету;
- матчтар, голдар, өтінімдер мен дисквалификациялар туралы хабарламалар жіберу;
- жаңалықтар мен моменттерді көрсету.
Деректерді сатпаймыз және жарнама үшін пайдаланбаймыз.
4. Жария деректер
Ойыншылардың, жаттықтырушылар мен төрешілердің аты-жөні, фотосы, командасы мен статистикасы сайт пен қосымшада барлығына көрінеді — бұл лига жарыстарының ресми бөлігі.
5. Деректерді кімге береміз
Қызмет жұмысы үшін ғана сенімді сервистерді пайдаланамыз:
- Expo, Google Firebase Cloud Messaging, Apple Push Notification service — push-хабарламаларды жеткізу;
- Google Gemini — өтінімдерді рәсімдеу кезінде құжаттарды тану (лига әкімшілері мен команда капитандары ғана пайдаланады);
- Яндекс Диск және YouTube — матчтардың фотолары мен бейнежазбаларын сақтау және көрсету.
Заң талап еткен жағдайларды қоспағанда, деректерді үшінші тараптарға бермейміз.
6. Сақтау және қорғау
Деректер HTTPS арқылы беріледі, құпиясөздер тек хеш түрінде сақталады. Аккаунт деректерін аккаунт бар болғанша сақтаймыз.
7. Аккаунтты жою
Аккаунтты кез келген уақытта жоюға болады: қосымшада (Жеке кабинет → Аккаунтты жою), alhl.kz/account/delete бетінде немесе info@alhl.kz поштасына жазу арқылы. Аккаунт, профиль, хабарлама баптаулары, лайктар мен қараулар бірден жойылады. Турнирдің спорттық деректері (ойыншы картасы, хаттамалар, статистика) лиганың ресми тарихы ретінде сақталады; оларды түзету немесе жасыру үшін бізге жазыңыз.
8. Балалар
Қызмет лиганың ересек қатысушылары мен жанкүйерлеріне арналған және 13 жасқа толмаған балаларға бағытталмаған.
9. Өзгерістер
Саясат өзгерсе, жаңа нұсқа осы бетте жаңарту күнімен жарияланады.